«Ұлттық әл-ауқат қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғалардың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 29 тамыздағы № 87 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 5 қарашадағы № 175 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ұлттық әл-ауқат қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғалардың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 29 тамыздағы № 87 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36761 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық әл-ауқат қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) құрамына тәуелсіз директорларды (тәуелсіз мүшелерді) іріктеу қағидалары мен өлшемшарттарында:
2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) конкурстық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) - мемлекеттік мүлікті басқару субъектісі құратын, кандидаттарды әңгімелесуге жіберуді және олармен әңгімелесулер жүргізуді, бағалауды және оларды мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғалардың тәуелсіз директорларының (тәуелсіз мүшелерінің) тізіліміне енгізу үшін шешімдер дайындауды жүзеге асыратын алқалы орган;»;
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мемлекеттік мүлікті басқару субъектісі:
1) директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) мүшелігіне жаңа кандидаттарға қажеттілік туралы басқару органының хабарламасы негізінде веб-портал арқылы жариялау жолымен конкурсты өткізу туралы шешім қабылдайды;
2) конкурсты өткізудің күнін және орнын айқындайды;